Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 2,2 есе артты

Экспорттың ең үлкен көлемі күміс тасымалына тиесілі. 

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 2,2 есе артты Фото: dknews.kz

Биыл қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігімен (Ұлыбритания) арадағы тауар айналымы 224,5 млн АҚШ долларына жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,2 есе артық, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Тауар айналымының басым бөлігі — 65,5%-ы экспортқа тиесілі: 147,1 млн АҚШ доллары, жылдық өсім — 2,2 есе.

Қазақстан Ұлыбританиядан 77,4 млн АҚШ долларының тауарын импорттады, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 2,4 есе көп.

Қазақстан Республикасының жалпы тауар айналымының құрылымында Ұлыбритания үлесі 1,1%, экспорт құрылымындағы үлесі — 1,2%, импорт құрылымындағы үлесі — 0,9%.

Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорттың ең үлкен көлемі ақшалай түрде күміс экспортына тиесілі: 102,2 млн АҚШ доллары — бір жыл бұрынғыдан 2,5 есе көп.

Негізгі экспорттық тауарлар санаттарына сонымен қатар тазартылған мыс, хром оксидтері мен гидроксидтері, бейорганикалық химикаттар мен асыл және сирек жер металдарының және радиоактивті элементтердің қосылыстары, алкогольді және алкогольсіз сусындар, ферроқорытпалар кірді.

Ұлыбританиядан Қазақстанға импортталатын тауарлардың негізгі санаты автокөліктер мен басқа да моторлы көліктер: бір жыл бұрынғы 601,4 мың АҚШ долларымен салыстырғанда 11,2 млн АҚШ доллары.

Негізгі импортқа сондай-ақ этил спирті, бульдозерлер, дәрі-дәрмектер, сорғылар мен сұйықтықты көтергіштер, крандар мен клапандар кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу