Қазақстан мен Ұлыбритания бизнес-форумы болып өтті

1178

Қазақстан мен Ұлыбритания бизнес-форумы болып өтті

Бүгін "Стратегия "Қазақстан-2025": басымдықтар және экономикалық саясат, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері" атты бизнес-форум өтті. Бұл туралы инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форум Қазақстан мен Ұлыбританияның өзара дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұған Ұлыбританияның Қазақстандағы Сауда палатасы мен Елшілігі бастамашы болды.

Ұлыбританияның бизнес-орта өкілдері ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Форум қатысушыларын ҚР ИДМ-нің шетелдік инвестицияны тарту саласын жетілдіру қызметі жөніндегі, ұзақмерзімді жобаларға Ұлыбритания инвесторларын ынталандыру туралы жоспарлары мен ЭЫДҰ және басқа да ұйымдарға Қазақстанның кіру мерзімі жөніндегі мәселелер қызықтырды. 

Форум жұмысына 50-ден астам британдық компания қатысты. Форумды өткізудің негізгі идеясы 25 жылдық мерейлі датаға орай алдағы уақытта Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту. Сондай-ақ, екі елдің кәсіпкерлері арасында іскерлік байланысты кеңейту.

Анықтама: Ұлыбританиядан Қазақстанға келген ТШИ ағыны 2005 жылдан бері 12 млн. долларды құрады. Қазақстан Республикасынан Ұлыбританияға жөнелтілген тікелей инвестиция көлемі 2005 жылдан 2016 жылдың 9 айы бойынша 5 510,3 млн. долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу