Қазақстан мен Ұлыбритания жоғары технологиялық салада сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

1095

Қазақстан мен Ұлыбритания жоғары технологиялық салада сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Ұлыбританияның Сауда саясаты жөніндегі министрі Джордж Холлинберимен кездесуі барысында тараптар өзара мүдделі барлық салаларда екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.

"Қазақстан-британ сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссияның жаңадан тағайындалған тең төрағасы Дж.Холлинберді биылғы жылы 20-жылдық мерейтойын атап өткен мемлекетіміздің елордасы Астананың және Қазақстанның даму қарқыны таң қалдырды. Аталмыш Комиссияның 5-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген британдық министр Лондонның сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолғабыс көрсетуге дайын екенін білдірді, делінген ҚР СІМ таратқан хабарламада.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрі британдық тарапқа жоғары баға бергені үшін алғысын білдіріп, жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар біздің ынтымақтастығымызды дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қ. Әбдірахманов өткен аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының  тұрғысында біздің еліміздің экономикалық дамудың сапасын арттыруын және халықтың әл-ауқатының өсуін мақсат етіп отырғанын атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар барлық қатынастар аясындағы, әсіресе сауда-инвестициялық саласында, екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық сипатына тоқталды.

Сандық жүйе, инфрақұрылымдық жобалар, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, машина жасау және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетудің кең әлеуеті атап өтілді.

Тараптар "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру және оның "Белдеу мен жол" бастамасымен түйіндесуінің шеңберінде Қазақстанның экономикалық әлеуетін бірлесіп дамытуға ерекше қызығушылық танытты.

Министрлер сондай-ақ екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қолданыстағы және перспективалық тетіктері шеңберіндегі байланыстарды дамыту үшін жақсы серпін сақтап қалуға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу