Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығы атап өтілді

873

Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығы атап өтілді

Іс-шараны елордадағы Үндістан елшілігі, Астана Үнді қауымдастығы және Свами Вивекананда мәдени орталығы ұйымдастырды. Оған Қазақстандағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати, шетелдік елшілік өкілдері, журналистер қатысты.

"Қазақстанда тұратын Үндістан азаматтары қос ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту үшін елордадағы Үндістан елшілігінің қолдауымен Астана Үнді қауымдастығы түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы, әрі Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай Холи мерекесі өтті", – деді елшілік өкілі.

Айта кетейік, Холи – Үндістанның жарқын бояулармен әспеттелетін мерекелерінің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу