Қазақстан мен Үндістан әуе қатынасын кеңейтуге ниетті

88

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Қазақстан мен Үндістан әуе қатынасын кеңейтуге ниетті Фото: Көлік министрлігі

Марракеш қаласында (Марокко) ИКАО-ның енгізуді қолдау жөніндегі жаһандық симпозиумы (GISS-2026) шеңберінде ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Үндістанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы (ИКАО) Тұрақты өкілі Ангшумали Растогимен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуге Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов те қатысты.

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ерекше назар аударды.

Салтанат Томпиева Қазақстан мен Үндістан арасындағы қолданыстағы шарттық-құқықтық база әуе қатынасын дамыту үшін берік негіз болатынын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан арасында Air Astana әуе компаниясы келесі бағыттар бойынша рейстер орындайды:
Алматы – Дели: аптасына 13 рейс, Алматы – Мумбаи: аптасына 3 рейс.

Сонымен қатар, қазақстандық әуе компанияларының Үндістан бағыты бойынша жаңа әуе бағыттарын ашуға, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруға ниетті екені атап өтілді.

"Қазақстандық әуе компаниялары ұшу географиясын кеңейтуге, соның ішінде жаңа бағыттарды ашуға және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыруға дайын. Әуе қатынасының кеңеюі елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастыққа қосымша серпін беретініне сенімдіміз", – деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты көлік байланыстарын дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады.

Тараптар жаңа бағыттарды ашу және рейстер санын арттыру мақсатында жақын арада тағайындалған әуе компанияларымен екіжақты келіссөздер жүргізуге келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу