Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол қойды

464

Бұл 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге қосымша келісім.

Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол қойды

Рим Папасы Францисктің Қазақстан Республикасына мемлекеттік (апостолдық) сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қасиетті Тақтың мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы архиепископ Пол Ричард Галлахер 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған қосымша келісімге қой қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптар конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұл әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, оның VII отырысына Рим Папасы Франциск бастаған Ватикан делегациясы қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу