Қазақстан мен Венгрия ынтымақтастықты дамытуды қолға алды

727

Қазақстан мен Венгрия ынтымақтастықты дамытуды қолға алды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Венгрия Сыртқы істер мен сыртқы сауда министрлігінің Мемлекеттік хатшысы, мемлекеттік қауіпсіздік Хатшысы Иштван Миколамен кездесті, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында мегаполис әкімі екіжақты байланыстың белсенді динамикасын тілге тиек етті: 2016 жылдың 11 айында Алматы қаласы мен Венгрия арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артып, 55,7 млн АҚШ долларына жеткен.

Венгрия өкілі туризм саласында екі жаққа да пайдалы үлкен потенциалдың бар екенін сөз етті. Алматыда туристер легінің артуына биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 елдің өкіліне Қазақстанда 30 күн бойы визасыз жүру кестесінің енгізілгені оң ықпал ететіні белгілі, бұл режимнің Венгрия азаматтарына да қатысты екендігі айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу