Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейс ашылады

483

Vietjet Air авиакомпаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады.

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейс ашылады

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейстің ашылуының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға Вьетнам Социалистік Республикасының Вице-президенті Во Тхи Ан Суан ханым қатысты, деп жазады inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

VietJet Air вьетнамдық авиакомпания 2022 жылдың 25 қазанынан бастап Алматы - Нха Транг бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды. Ұшулар аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) А-330 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Vietjet Air 2022 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Астана – Нха Транг бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-330 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) орындалатын болады.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтің вьетнамдық Vietjet Air авиакомпаниясының вице-президенті Чу Виет Цуонг мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасы мәселелерін талқылады. Қазақстандық тарап Vietjet Air әуекомпаниясына Қазақстанға рейстерді іске қосуға және ұлғайтуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуға келген Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесу өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу