Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасы қалпына келді

527

Vietjet Air Вьетнамның бюджеттік әуе тасымалдаушысы жүзеге асыратын болады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасы қалпына келді Фото: Егемен Қазақстан

"Vietjet Air" ірі вьетнамдық авиакомпаниясы 25 желтоқсаннан бастап Airbus А – 330 типті әуе кемелерінде аптасына 3 реттік жиілікпен Камрань-Астана бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", делінген хабарламада.

"Vietjet Air" - Вьетнамның бюджеттік әуе тасымалдаушысы, рейстерін 2007 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.  Ол әлемнің 10 еліне 19 - дан астам бағыт бойынша, - Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістанға халықаралық рейстерді орындайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу