Қазақстан мен Жапония арасындағы тұрақты әуе рейсі биыл ашылады

940

Қазақстандық әуе тасымалдаушыларға арналған бағыттар – Токио, Осака, Нагоя қалалары, ал жапондық әуе компаниялары үшін – Астана, Алматы және Қарағанды қалалары белгіленген.

Қазақстан мен Жапония арасындағы тұрақты әуе рейсі биыл ашылады

Қазақстан мен Жапония арасындағы тұрақты әуе рейсін биыл ашу бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Жапония арасындағы тұрақты әуе қатынасын ұйымдастыру үшін қажетті құқықтық негіздемелерді ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті 2016 жылы қалыптастырған. Яғни, Қазақстан мен Жапонияның әуе акомпаниялары әр тараптан еш шектеусіз аптасына 14 рет тұрақты рейстерді орындай алады.

Қазақстандық әуе тасымалдаушыларға арналған бағыттар – Токио, Осака, Нагоя қалалары және жапондық әуе компаниялары үшін – Астана, Алматы және Қарағанды қалалары белгіленген.

Қазіргі уақытта әуе компаниялармен бірігіп, биыл Жапонияға тікелей рейсті ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу