Қазақстан мен Жапония бірлескен 7 ірі жобаны жүзеге асырады

729

Қазақстан мен Жапония бірлескен 7 ірі жобаны жүзеге асырады

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Тадао Янасэмен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық салалар бойынша және жер қойнауын пайдалану мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Жеңіс Қасымбек Жапонияны Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

"Екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық, достық және сенімділік сипатына негізделген. Біз Жапониямен мұнайхимия, инфрақұрылым, фармацевтика, энергетика, ақпараттық технология мен инновация сияқты бағыттар бойынша өзара мүдденің бар екенін көріп отырмыз", - деді кездесуде министр.

Өз кезегінде Тадао Янасэ жапониялық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі екенін тоқталды. 

Айта кету керек, Жапония Қазақстандағы ірі инвесторлардың қатарына кіреді. Елімізде жапондық капиталдың қатысуымен 50-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,1 млрд. АҚШ доллары болатын 10 бірлескен ірі жоба іске асырылды. Сондай-ақ құны шамамен 2 млрд АҚШ доллары болатын 7 бірлескен ірі жобаны іске асыру жұмысы жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу