Қазақстан мен Жапония дипломатиялық және қызметтік төлқұжаты барларға визалық талаптардың күшін жояды

882

Қазақстан мен Жапония дипломатиялық және қызметтік төлқұжаты барларға визалық талаптардың күшін жояды

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан мен Жапония арасында қос елдің дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттарын иеленушілерге визалық талаптардың күші жойылады, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".
Мұндай уағдаластық Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы қарашада Жапонияға ресми сапары барысында жасалды.
Екі елдің лауазымды тұлғаларының визасыз сапарлауы Қазақстан мен Жапония арасында  саяси байланыстарды одан әрі ілгерлетуге және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ықпал етпекші.
Сондай-ақ 2017  жылдың  1 қаңтарынан бастап  Жапонияның ұлттық төлқұжат иелері үшін 30 күнге дейін визасыз режим белгіленді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу