Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар Париж келісімінің 6-бабы аясында жүзеге асырылатын бірлескен жобалардың келешегін және Бірлескен кредиттеу тетігі (JCM) бойынша серіктестікті дамыту жайын қарастырды.
Кездесу барысында 2026 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіруге қатысты заңға қол қойғаны атап өтілді. Құжат халықаралық көміртегі тетіктері аясында парниктік газдар шығарындыларын азайту және оларды сіңіруге бағытталған жобаларды іске асырудың құқықтық негізін қалыптастырады.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, заңдағы өзгерістер Париж келісімінің 6.2 және 6.4-баптарында көзделген халықаралық климаттық бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Қазақстан экология министрлігі жапондық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, Бірлескен кредиттеу тетігі (JCM) аясындағы жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастырмақ.