Қазақстан мен Жапония СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

484

Қазақстан мен Жапония СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Жапон тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэгимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында М.Тілеуберді COVID-19 індетімен күрес аясында жапон тарапының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.

Тараптар 2020 жылғы тамызда бейнеконференция форматында өткен "Орталық Азия + Жапония" диалогы сыртқы істер министрлері отырысының нәтижелерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестіктің әлеуетін ескере отырып, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа негізделген сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі белсенді нығайту жолдарын айқындап, қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әрекетті жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу