Вена қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың, Жапонияның Сыртқы істер министрі Фумио Кисиданың және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербоның Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына (ЯСЖТШ) қолдау көрсету жөніндегі бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, үшжақты құжаттың қабылдану мәселесіне арналған пресс-брифинг барысында Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы Семей сынақ полигонын жабу туралы қабылданған тарихи маңызды шешімі басқа елдердегі сынақ полигондардағы ядролық сынақтардың тоқтатылуына әсер етіп, 1996 жылы ЯСЖТШ-ны қабылдауға негіз салғанына ерекше назар аударды.
Қайрат Сарыбайдың айтуынша, жиында елбасының "Манифест. Әлем XXI ғасыр" атты бастамасының, сондай-ақ Ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі халықаралық күні мен "АТОМ" жобасының маңыздылығына және өзектілігіне ерекше назар аударылды.