Қазақстан метрология жөніндегі еуропалық ұйымға қабылданды

561

Үкімет ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартты елдің Бас ғылыми-метрологиялық орталығы және стандарттау жөніндегі ұлттық органы ретінде анықтады.

Қазақстан метрология жөніндегі еуропалық ұйымға қабылданды

ҚазСтандарттың жетекші мамандарының делегациясы Еуропада ғана емес, әлемдегі ең беделді метрологиялық орталықтардың бірі – Германия физика-техникалық институтына (PTB) жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазСтандарт баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚазСтандарт EURAMET Еуропалық ұлттық метрологиялық институттарының қауымдастығының серіктес ұйымы ретінде қабылданды. Сондай-ақ қазақстандық метрологтардың ынтымақтастық және Инновациялар мен зерттеулердің метрологиялық бағдарламасына (EMPIR) қатысу мәселелері талқыланды.

Қол жеткізілген мақсаттар ҚазСтандарттың еуропа елдерімен тиісті салыстырмалы салғастырулар жүргізу арқылы ҚР-ның өлшеу мүмкіндіктерін әлемде халықаралық тану жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге, стандарттар мен регламенттерді қолданумен байланысты мәселелерді реттеуге және басқаруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, сапаның дамыған инфрақұрылымы ҚР СИМ-ге жүктелген міндеттерді орындауға, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, қорғаныс қабілетіне, табиғи ресурстарды есепке алуға және экономиканың басқа да салаларына тікелей ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу