Қазақстан мобильді интернеті ең арзан 10 елдің қатарына енді

112

Қазақстан мобильді интернеті арзан елдердің қатарына еніп, 10-орынға жайғасты. 

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан 10 елдің қатарына енді Фото: esquire.kz

Бұл туралы Finprom.kz сайты MoneySuperMarket-тің жаңа зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда бір гигабайт мобильді интернеттің орташа құны 0,59 АҚШ долларын (шамамен 300 теңге) құрады.

Интернет құны ең арзан 10 елдің қатарына Қазақстаннан басқа Израиль, Қырғызстан, Италия, Бангладеш, Пәкістан, Шри-Ланка, Үндістан, Индонезия және Франция кірді.

"Қарастырылып отырған рейтингте Қазақстан Беларусь (13-орын), Түркия (17-орын), Өзбекстан (20-орын), Қытай (23-орын), Армения (29-орын), Әзербайжан (75-орын) және басқа да елдерді артта қалдырды", – деп жазылған хабарламада.

Ал, мобильді интернеті ең қымбат елдер ондығына: Швейцария, Замбия, Жаңа Зеландия, Андорра, Сейшел аралдары, Канада, Оңтүстік Корея, БАӘ, Багам аралдары және Норвегия кіреді.

Бұл жерде тағы бір жайтты атап өткен жөн. Егер, бір гигабайттың құны бойынша есептейтін болсақ, мысалы, Қазақстан тұрғындары үшін 20 ГБ мобильді интернет 11,8 АҚШ долларын (немесе шамамен 5800 теңгені) құрайды. Алайда, іс жүзінде интернет пен қоңыраулар ескерілгенде, неғұрлым арзан тарифтік ұсыныстар мен қызметтер пакетін табуға болады.

Ал, АҚШ-та тұрғындар үшін дәл осы 20 ГБ мобильді интернет 105,4 АҚШ долларын, Норвегияда – 106,6 АҚШ долларын, БАӘ-де – 115,2 АҚШ долларын, Оңтүстік Кореяда – 119,6 АҚШ долларын, Жаңа Зеландияда – 133,6 АҚШ долларын, Швейцарияда – 142,4 АҚШ долларын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу