Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжат зейнетақы саласындағы өзара іс-қимылды құқықтық тұрғыда бекітуге бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сонымен қатар Президент "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған келісім көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттеуге арналған. Заңның мәтіні де баспасөзде жарияланады.