Қазақстан Моңғолиядағы алтын кенішін игермекші

2221

Моңғолияда алтын шаятын бірлескен кәсіпорын құрылуы мүмкін. 

Қазақстан Моңғолиядағы алтын кенішін игермекші

Қазақстан-Моңғол бизнес форумында Моңғолияның алтын кенішін бірлесіп игеру туралы инвестициялық жобаға қол қойылған. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне осы елдің құрылыс және қала құрылысы министрі Бәделхан Хавдислам айтып берді.

"Форум аясында кеше 6 бағыт бойынша үкіметаралық келісімдер жасалған болатын. Бүгін сондай 7 келісімге бизнес нысандары қол қойды. Оның ішінде Моңғолияның алтын кен орнын бірлесіп игеру жобасы да бар. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында алтын шаятын кәсіпорын бар екен. Сондай зауытты Моңғолия жеріне салсаңыздар деген ұсыныс айтылды. Моңғолияда алтын мен күмістің қоры мол. Тек соның көбі кен күйінде сыртқа кетіп жатыр. Соны Қазақстанның мүмкіндіктерін пайдаланып, дайын өнімге айналдырса деген жоспар бар", – дейді Моңғолия өкілі. Оның айтуынша, екі ел арасындағы мал экспортын қайта жандандыруға да мүмкіндік мол.

"Моңғолия тарапы ет өнімдерін Қазақстан арқылы Араб елдеріне өткізуге құлықты. Ол үшін бұрынғы мал өткізетін дәлізді пайдалануға болады. Кезінде Моңғолиядан Семейдің ет зауытына мал әкелетін маршрут болғаны белгілі", – дейді Бәделхан Хавдислам.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу