Қазақстан Моңғолияға 500 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек бөлді

1721

 ҚР үкіметінің қаулысы Электронды үкімет порталында жарияланды.

Қазақстан Моңғолияға 500 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек бөлді

- Қазақстан Республикасы Моңғолияға гуманитарлық көмек ретінде 500 мың АҚШ долларын бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР үкіметінің қаулысы Электронды үкімет порталында жарияланды.

"ҚР қаржы министрлігі ҚР сыртқы істер министрлігіне ҚР үкіметінің төтенше резервінен бюджетте 2018 жылға қарастырылған (Қазақстан және өзге де мемлекеттердің территориясындағы техногенді және табиғи апаттардың салдарын жоюға қойылған) сомадан 500 000 АҚШ долларын Моңғолия мемлекетіне гуманитарлық көмек ретінде бөлу тапсырылады", - делінген ҚР үкіметінің қаулысында.

Айта кету керек, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бері дамып келеді.

Соңғы жылдары Қазақстан Монғолияға 28 млн АҚШ доллары көлемінде тауар экспорттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу