Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайтын болады

454

Кездесуде қандай мәселелер талқыланды?

Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайтын болады Фото: www.tastingtable.com

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Самат Төлегенов Моңғолия Ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, соның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспортатау мәселесі талқыланды.

Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификаты келіскен болатын.

Қыркүйек айының басында Моңғолия өкілдері Түркістан облысының шаруашылықтарына ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі бойынша тексеріс және тәуекелдерді бағалау жүргізді.

Ветеринариялық қызметтің құрылымы мен елде жүргізіліп жатқан ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар оң бағаланды.

Сондай-ақ, тараптар Ветеринарлық бақылау және бағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринария басқармасы арасында өзара ынтымастық туралы жаңа меморандум жобасын талқылап, ветеринариялық мамандар мен ұлттық ветеринариялық зертханалар қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу