"Қазақстан мұғалімі 2020" сыйлығына үміткерлерден өтініш қабылдау басталды

1259

Еңбек өтілі үш жылдан кем емес, бастапқы және орта білім беру мекемелерінің педагогы  "Қазақстан мұғалімі 2020" Ұлттық Сыйлығының үміткері бола алады.

"Қазақстан мұғалімі 2020" сыйлығына үміткерлерден өтініш қабылдау басталды

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры "Қазақстан мұғалімі 2020" Ұлттық Сыйлығын бастауда. Сыйлық жеңімпазына $10 000 көлеміндегі қаржылай жүлде табысталады, сонымен қатар, 10 үздік қатысушының сауалнамалары Нобель сыйлығының педагогтарға арналған сыйлығы "Әлем мұғалімінің" іріктеу кезеңіне жіберіледі.

2020 жылдан бастап "Үздік педагог 2019" Республикалық сайысының қатысушыларынан басқа, еңбек өтілі үш жылдан кем емес, бастапқы және орта білім беру мекемелерінің (орта мектептер, гимназиялар, лицейлер) педагогы  "Қазақстан мұғалімі 2020" Ұлттық Сыйлығының үміткері бола алады.

Сыйлыққа қатысу үшін www.teacherprize.kz ресми сайтында сауалнама толтыру қажет. Сауалнамалар 2020 жылдың 1 мамырынан 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Сауалнамалардың бағаланатын негізгі критерийлерінің бірі – бұл педагогтың қоғамдық маңызы бар әлеуметтік істерге қатысуы. Қоғамдық жобалау оқушылардың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады.

Үміткерлердің әділ іріктеуін Тәуелсіз қазылар Академиясы жүргізеді, олардың қатарына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар, педагогиканың жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері, еліміздің филантроптары кіреді. Халықаралық аудиторлық компания іріктеу үдерісінің аудиті, бағалауы және тестілеуіне қатысып, іріктелген үміткерлердің беделі мен өмірбаяндарына тереңдетілген шолу жүргізеді. Іріктеу Варке Қорының (Varkey Foundation) орнатқан критерийлеріне сәйкес өтетін болады.

Толық ақпаратты 8 702 278 70 78 нөмірі арқылы ала аласыздар.

Фото: iStock

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу