Іс-шараға әлемнің әр түкпірінен келген мұғалімдер мен ғалымдар, сарапшылар қатысты.
Бұл Varkey Foundation бекіткен жаһандық мұғалімдер сыйлығы халықаралық байқауының қазақстандық кезеңі болып саналады.
Онда 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлде білім саласына үлес қосқаны үшін әлемнің үздік мұғалімдеріне беріледі.
Байқау аясында "Қазақстан мұғалімі-2024" ұлттық сыйлығының иегері анықталып, еліміздің он үздік ұстазы анықталды.
Бұл байқаудың мақсаты – ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейге көрсету.
Биылғы байқау рекордтық көрсеткішті көрсетіп Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2200-ден астам педагог қатысып, олардың арасынан 10 үздік ұстаз іріктеліп алынды.
Олардың қатарында елордалық екі ұстаз бар. Олар Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейінің математика пәні ұстазы Октябрина Жунис және Экономикалық лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні ұстазы Нұржан Байсаков.
Үздік он ұстаздың қатарына кірген елордалық екі ұстаздың әрқайсысына 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді.