Қазақстан мұнай экспортынан 23 млрд доллар пайда көрді

1181

Қазақстан мұнай экспортынан 23 млрд доллар пайда көрді

2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында қазақстандық мұнайды экспорттаудан түскен табыс 23,5 млрд доллар (61,7 млн тонн) болған.
Жеткізу көлемі 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 37,1%-ға өскен.  
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, қазақстандық мұнайды ең ірі сатып алушы Италия болған, олар 7,4 млрд долларға мұнай алған. Осы елге жасалған экспорт бір жыл ішінде 15,3%-ға өскен.  
Голландия 3,3 млрд долларға, Швейцария – 2,1 млрд долларға, ал Франция - 2,5 млрд долларға шикізат сатып алған. 
Сонымен қатар Испанияға 1,3 млрд долларға, Грекияға - 712,6 млн долларға, Румынияға - 761,6 млн долларға, Қытайға - 689,9 млн долларға, Португалияға – 528,7 млн долларға мұнай экспортталған. 
Сондай-ақ қазақстандық мұнай Хорватияға (288,7 млн доллар), Кореяға (783,7 млн доллар), Үндістанға (543,5 млн долларға) экспортталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу