Қазақстан мұнай нарығында тұрақтылық байқалады

604

Қазақстан мұнай нарығында тұрақтылық байқалады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Қазақстанның энергетика саласын дамытудың алдын-ала қорытындысы қаралды.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай мен конденсат өндіру шамамен 21,1 млн тоннаны немесе 2017 жылдың 1 тоқсанындағы жоспардың 103,5%-ын құрағанын мәлімдеді. Жалпы мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты және ЖЖМ тапшылығы байқалмайды. Ішкі нарық отандық ЖЖМ-мен толықтай қамтамасыз етілген.

"Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне дизельді отын жеткізудің бекітілген кестесі аясында биыл көктемгі егіс жұмыстарына 375 мың тонна отын, соның ішінде АМӨЗ – 79 мың тонна, ПМХЗ – 233 мың тонна және ПҚОП – 63 мың тонна жеткізілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өтініміне сәйкес, дизельді отынға деген қажеттілік толық қанағаттандырылған", – дейді Қанат Бозымбаев.

2017 жылдың наурыз-сәуір айларындағы көктемгі егіс жұмысын жүргізуге қажетті дизельді отынның ұсынылған бағасы тоннасы – 127000 теңге (105,4 теңге/литр). Тасымалдау мен сақтауды есепке алғанда, АШТӨ-ге арналған дизельді отын бағасы жеткізу аймағының қашықтығына байланысты литрі – 117-126 теңге.

Газ өндірісі 13,2 млрд м3-ті құрап (2016 жылдың ұқсас кезеңіндегімен салыстырғанда 108,5%), тоқсандық жоспардан 4 пайызға артық өндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасынан газ экспорты 4,1 млрд м3-ті немесе 2016 жылдың ұқсас кезеңінен 26%-ға жоғары көрсеткішті құрады.

Электр энергиясын өндіру І тоқсанда 27,1 млрд кВт/сағатты құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңнен 10,3 пайызға жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу