Қазақстан мұнай өндірісін азайтпақ

583

Қазақстан мұнай өндірісін азайтпақ

Еліміз қара алтын өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін азайтпақ. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады. Белгілі болғандай мұндай шешім ОПЕК пен ұйымға мүше емес елдердің келісіміне сәйкес қабылданып отыр. Қазір еліміз орта есеппен күніне 1,7 мың баррель мұнай шығарады. Ал өндіріс көлемін азайту алдағы жартыжылдықта толық жүзеге асады, - дейді ведомоство өкілдері. Айта кетейік, өткен жылдың соңында ОПЕК пен ұйымға мүше емес 11 мемлекет 2017 жылдың 1-ші жартысында қара алтын өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін қысқарту жөнінде мәмілеге келген болатын. Ал ағымдағы жылдың 25-ші мамырында Венада келісімді тағы 9 айға ұзартуға уағдаласқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу