21 қыркүйекте ҚР-да 256,2 мың тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Бірінші несиелік бюро Data Hub Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бір апта ішінде өндірудің тәуліктік көлемі 13,2%-ға немесе 30 мың тоннаға өсті. Бұл көрсеткіш 9 маусымнан бері тіркелген ең жоғары деңгей. Мұндай деректерді ҚР ОЭК ситуациялық-талдау орталығы келтіреді.
Мұнай өндіруші кәсіпорындарды электрмен жабдықтаудағы үзілістерге байланысты соңғы уақытта көрсеткіш төмендеді. Жағдай 17 қыркүйекте өзгерді — 2 шілдеде болған МАЭК апатынан кейін алғаш рет ол әдеттегі нормаға оралды (250 мың тонна). Көрсеткіш бұл белгіден жоғары деңгейде, міне, осымен 5 күн қатарынан тұр.
Газ өндірудің тәуліктік көлемі де бір қалыпқа келе бастады. Қазір ол 172,4 миллион текше метрді құрайды, бұл 11 қыркүйекте белгіленген 11 айлық минимумнан екі есе көп (92,4 миллион текше метр). Ол күні Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында газды кешенді дайындау қондырғыларының бірінің жұмысы тоқтатылды.