Қазақстан мұнай өндіру болжамын төмендетеді - Энергетика министрлігі

Өндіріс көлемінің төмендеуінен жоғалған кірісті тікелей есептеу мүмкін емес. 

Қазақстан мұнай өндіру болжамын төмендетеді - Энергетика министрлігі Фото: inbusiness.kz

Қазақстан 2023 жылға жоспарланған мұнай өндіруді 90,5-тен 89,4 миллион тоннаға дейін қысқартты. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

"Біз мұнай өндірісі бойынша биылға жоспарланған көлемді қысқарттық. Шамамен 90,5 млн тонна өндіруге тиіс едік. Бұл МАЭК-тегі апатқа байланысты ғана емес, кен орындарында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары болды", - деді Сәтқалиев сейсенбі күні Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Ол қазір электр энергиясын жеткізудегі шектеулерге байланысты "тәулігіне жоспардан 12 мың тоннаға ауытқып жатырмыз" деп түсіндірді.

Оның айтуынша, бүгінде өндіріс көлемінің төмендеуінен жоғалған кірісті тікелей есептеу мүмкін емес, өйткені ол тек мұнай өндіру көлеміне ғана емес, оның бағасына да байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу