Республиканың Энергетика министрлігі бұл қысқару 4 маусымда өткен ОПЕК+ министрлерінің 35-ші отырысында келісілген өндірістің қажетті деңгейінен есептелетінін атап өтті. Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді ерікті түрде тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан сәуір айында ерікті қысқартулар туралы жариялаған ОПЕК+ мүше елдерімен келісім бойынша алдын алу шарасы ретінде 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 78 мың баррельге ерікті қысқарту мерзімін ұзартады", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, ведомство мұнай өндірудің бұл қысқаруы 4 маусымда ОПЕК+ министрлерінің 35-ші отырысында келісілген өндірудің қажетті деңгейінен есептелетінін атап өтті.
Сәуір айының басында Энергетика министрлігі Қазақстанның басқа ОПЕК+ елдерімен бірге 2023 жылдың мамыр айынан бастап 2023 жылдың соңына дейін өндірісті ерікті түрде тәулігіне 78 мың баррельге қысқартатынын хабарлады.
Жексенбі күні ертерек ОПЕК+ елдері 2024 жылға арналған мұнай өндіру көлемін тәулігіне 40,46 млн баррель көлемінде белгілеуге уағдаласты. Жалпы, ТАСС бағалауы бойынша ОПЕК+ елдері өндірісті тәулігіне 1,393 млн баррельге азайтады. Шешім тұрақты мұнай нарығына қол жеткізу және қолдау, сондай-ақ нарық үшін ұзақ мерзімді бағдарларды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. ОПЕК+ министрлерінің келесі кездесуі 26 қарашада Венада өтеді.