Осы жылдың 1 мамырынан бастап Германияның "Шведт" мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) бағытталған жеткізілімдер шектеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Қайта бөлінетін мұнайдың жалпы көлемі 260 мың тоннаны құрайды.
Оның ішінде:
- 100 мың тонна – Усть-Луга портына бағытталады;
- 160 мың тонна – Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне жіберіледі.
Ведомство ағындарды қайта бағыттау жүк жөнелтушілермен келісілгенін және жедел (операциялық) сипатқа ие екенін атап өтті.
"Тасымалдау бағыттарының өзгеруі жылдық мұнай өндіру жоспарының орындалуына әсер етпейді. Қолданыстағы көлік инфрақұрылымы Қазақстанға экспорттың тұрақтылығын және әлемдік нарықтарға шикізатты үздіксіз жеткізуді толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Осылайша, Қазақстан "Достық" бағытындағы түзетулердің орнын бұрыннан қалыптасқан баламалы бағыттар есебінен толтыруды көздейді.
Бұған дейін Ресей 1 мамырдан бастап "Достық" мұнай құбыры арқылы Германияға қазақстандық мұнай транзитін техникалық себептерге байланысты тоқтататынын хабарлаған еді.