Қазақстан мұнай және газ өндіру жоспарын асыра орындады

1948

Мұнай-газ секторы оң нәтиже көрсетіп тұр.

Қазақстан мұнай және газ өндіру жоспарын асыра орындады

"Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, 9 айда 67 млн тонна мұнай өндіріліп, жоспар 101,7%-ға орындалды", – деді энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов.

Оның сөзінше өндірілген мұнайдың 40,6 млн тоннасы Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ мұнай-газ кеніштерінен алынған. Қашаған –10,1 млн, Теңіз – 22 млн, Қарашығанақ – 8,5 млн тонна мұнай берген. 

Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, мұнай-газ секторы оң нәтиже көрсетіп тұр. Биыл елімізде 89 млн тонна мұнай өндірілуге  тиіс. 

"Есептік кезеңде 41,8 млрд текше метр газ өндірілді. Жоспар артығымен орындалып, 102,3%-ды көрсетті", – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу