"Қазақстан мұнайдың бір бөлігін Ресейден тыс, Әзірбайжан жерімен тасымалдайды"

785

Қазақстан мұнайдың бір бөлігін Ресей шекарасынан тыс, Әзірбайжан арқылы экспорттай бастайды. Осылайша, жеткізу жолдарын әртараптандыруды ойлап отыр, деп жазады inbusiness.kz порталы Reuters басылымына сілтеме беріп. 

"Қазақстан мұнайдың бір бөлігін Ресейден тыс, Әзірбайжан жерімен тасымалдайды"

Қазір экспорт негізінен Новороссийскіге апаратын "Каспий құбыр консорциумы" құбырлары арқылы өтіп жатыр.

Шілдеде Новороссийскінің Приморск аудандық соты "экологиялық бұзушылықтарға" байланысты құбыр қызметін 30 күнге тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаны белгілі. Осыдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайдың экспорттық жеткізілімін әртараптандыруға шақырып, Транскаспий құбырын пайдалану мүмкіндігін талдауды тапсырды.

Reuters дереккөзі "ҚазМұнайГаз" компаниясы Әзірбайжанның SOCAR компаниясының сауда бөлімшесімен Түркияның Джейхан портына апаратын Әзірбайжан құбыры арқылы жылына 1,5 млн тонна қазақстандық мұнайды сатуға рұқсат беру туралы алдын ала келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Соңғы келісімшартқа тамыз айының соңында қол қойылуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу