Қазақстан мұнайы тиелген 20 танкер Түркия жағалауында кептелісте тұр

569

18 миллион мұнай баррелі тиелген қазақстандық және ресейлік танкерлер Түркияның Босфор мен Дарданелл бұғазында тоқтап тұр.    

Қазақстан мұнайы тиелген 20 танкер Түркия жағалауында кептелісте тұр Фото: manifoldtimes.com

Financial Times-ке сүйенген Reuters-тің жазуынша, Ресей мұнайына белгіленген баға шегі күшіне енген күні яғни, 5 желтоқсанда Анкара барлық тасымалдаушылардан сақтандырылғаны жөнінде жаңа құжат сұраған, салдарынан кептеліс туындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біреуінен басқасының бәрі Қазақстан жүгін тиеген және жергілікті порт есебінде кемелердің сақтандыру мәртебесін анықтауды күтіп отырғаны жазылған", - деп жазды Bloomberg агенттігі.

Қазақстан билігі әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.

Еуроодақ 5 желтоқсаннан бастап ресейлік мұнайды теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салған болатын. Бұл ретте Үлкен жетілік елдері, Австралия мен Еуропалық Одақ қара алтынның бағасын барреліне 60 долларға дейін шектейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу