"Бүгін біз отандық мұнай-газ саласы үшін айтулы оқиға куәміз. Мемлекет басшысының қазақстандық мұнайды жеткізудің жаңа бағыттарын дамытуға ерекше көңіл бөлуі кездейсоқтық емес. Осы бағытта әзербайжандық SOCAR компаниясымен біздің уағдаластықтарымыз іс жүзінде жүзеге асып жатқаны қуантады. Яғни арамыздағы ынтымақтастықты одан әрі дамуына еш кедергі жоқ", - деп атап өтті М.Мырзағалиев.
Сондай-ақ ҚМГ басшысы "Тенгизшевройл" компаниясының басшылығына Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау шарттары бойынша келіссөздердің сәтті өткізілгені үшін алғысын білдірді.