Қазақстан мұнайын ең көп сатып алған ел анықталды

965

Қазақстан мұнайын ең көп сатып алған ел анықталды

2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанның мұнай экспорты  21 млрд долларды (55,9 млн тонна) құрады, деп хабарлайды LS.

Өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда экспорт көлемі 38,6% -ға өсті.

Қазақстанның ең ірі сатып алушысы Италия болып отыр. Бұл ел 7 млрд долларға мұнай сатып алған. Аталған елге мұнай жеткізу көлемі қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 20,8 пайызға артты.

Голландия - 2,9 млрд долларға, Швейцария - 1,9 млрд долларға, Франция - 2,3 млрд долларға шикізат сатып алған. Сонымен қатар, Испанияға экспорт 1 млрд долларды құрады. Ал  Грекияға - 695,8 млн долларға, Румынияға - 675,1 млн долларға,  Қытайға - 642,8 млн долларға, Португалияға - 441,8 млн долларға шикізат тасымалданды.

Сондай-ақ, Хорватияға, Кореяға, Үндістанға және басқа да елдерге мұнай жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу