Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізу үшін Ресейдің келісімі қажет

814

Қазақстандық мұнайдың Еуропаға жеткізілетін мөлшерін арттыру үшін Ресейдің келісімі мен мұнай өндіруші кәсіпорындарының бұған дайындығы қажет.  

Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізу үшін Ресейдің келісімі қажет Фото: inbusiness.kz

Мұндай мәлімдемені Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы қазақстандық мұнайдың экспорттық көлемінің едәуір бөлігі Ресей арқылы КҚК (Каспий құбыр консорциумы), Атырау-Самара мен Махачкала-Новороссийск құбырлары арқылы транзитпен тасымалданатынын еске салды.

Дәл осы тасымалдау бағыттары қазақстандық мұнай өндіруші компаниялар үшін жоғары кірістілік көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.

Сәтқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта еуропалық тұтынушылардан жеткізілімдерді ұлғайту туралы сұраныс бар.

"Бірақ бұл үшін ресейлік тараптың келісімі, сондай/ақ қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардың осы бағытта жеткізуді жүзеге асыруға дайын болуы қажет", - деді ол.

2023 жылдан бастап Қазақстан мұнайды Әзербайжан мен Германияға қосымша бағыттар бойынша жеткізуді жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу