Қазақстан мұнайын Германияға жеткізетін "Дружба" құбырына салынған санкция алынды

136

Бұл туралы Ұлыбританияның қаржылық санкцияларды іске асыру жөніндегі басқармасының құжатында (OFSI) жазылған.    

Қазақстан мұнайын Германияға жеткізетін "Дружба" құбырына салынған санкция алынды Фото: officelife.media

Ұлыбритания "Транснефть" компаниясына қарсы санкция енгізген Дружба мұнай құбырын 2027 жылғы 14 қазанға дейін санкциялық тізімнен шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Дружба" мұнай құбыры Еуропаға тартылған, қазіргі уақытта ол арқылы Ресей мұнайын Венгрия мен Словакия алып отыр. Осы құбырдың солтүстік тармағы арқылы Германияға қазақстандық мұнай экспортталады.

Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялық тізімді кеңейтті. Оған 240 компания, 7 жеке тұлға және 50 кеме, соның ішінде "Росатомның" еншілес кәсіпорны "Росатом Энергетикалық жобалары" кірді.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, аталған ұйымдар шетелде атом электр станцияларын салу бойынша келісімшарттар жасауға ұмтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу