Қазақстан мұнайын тасымалдау штаттық режимде жүріп жатыр – Энергетика министрлігі

189

Ведомство "Транснефть" компаниясымен тұрақты байланыста.

Қазақстан мұнайын тасымалдау штаттық режимде жүріп жатыр – Энергетика министрлігі Фото: © Depositphotos/3dmentat

Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы "Шесхарис" мұнай терминалында тіркелген оқыс оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта Атырау – Самара және Ақтау – Махачкала бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде, шектеусіз жүргізіліп жатыр. Министрлік "Транснефть" компаниясымен тұрақты байланыста", – деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева. 

Барлық процесс ведомствоның жіті бақылауында екені айтылды.

Айта кету керек, бұған дейін Новороссийскідегі мұнай базасын дрондар атқылағанын жазғанбыз. Дрондар шабуылы нәтижесінде Новороссийскідегі "Шесхарис" тасымалдау кешеніндегі мұнай базасы мен жағалау құрылыстарына зақым келді. Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу