Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жерлеу тәртібін дайындады

1218

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жерлеу тәртібін дайындады

Алдағы уақытта қайтыс болған адамды жерлеу мен қабір салу тәртібін  нақтылайтын заң жобасы дайындалады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Алматы жерлеу қызметтері комбинаты қызметкерлерінің айтуынша, қазақтардың көпшілігі мазарды үлкен етіп салу үшін банктерге барып несие рәсімдеуден де тайынбайды.

"Қазіргі таңда қазақтар арасында мәйітті жерлеуде де бәсекелестік асқынып кетті. Осыны тоқтату үшін бірқатар бастамалар бар", - дейді "Алматы салттық қызмет көрсету арнайы комбинаты" ЖШС директоры Марат Исмайылов.

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазірдің өзінде жерлеу тәртібін дайындап қойды. Құжатта қабірдің басына мәрмәрдан тас қою мен ескерткіш орнатудың міндетті еместігі, тек қана көрінетіндей етіп қоршап қою жеткізікті екені айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу