Қазақстан-Мысыр СІМ басшылары құрықталған қазақстандықтарға қатысты ахуалды талқылады

811

Қазақстан-Мысыр СІМ басшылары құрықталған қазақстандықтарға қатысты ахуалды талқылады

Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары құрықталған қазақстандық азаматтарға қатысты ахуалды талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әңгімесі барысында алты қазақстандық азаматтардың Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады. Телефон арқылы сұхбат 27 шілденің кешінде қазақ тарапының бастамасымен орын алды.

Қазақстан мысырлық биліктерден жас адамдардың ұстап әкетілу себептері мен олардың қазіргі таңда болу мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр, деді Қ. Әбдірахманов. Ұстап алынғандардың барлығымен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет.

С. Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.

Сондай-ақ, министрлер әңгіме барысында негізін жоғарғы деңгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық жәнее мәдени-гуманитарлы ынтымақтастықтың сәтті дамуын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу