Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдады

811

Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдады

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қамауға алынған қазақстандық студенттерге байланысты Мысырға наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов айтты. Еске сала кетсек, Мысырда жүріп ұсталған қазақстандық 6 студенттің қамауда отырғанына 2 аптаға жуық уақыт өтті. Оларды 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Мысырдың арнайы жасағы ұстаған еді. Алайда әлі күнге дейін ресми Каир тарапынан біздің азаматтардың не себепті ұсталғанын және қазіргі уақытта қайда екені жайлы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу