Қазақстан нан бағасы ең төмен 5 елдің қатарында

707

Елде нан бағасы бір жылда 19%-ға қымбаттаған. 

Қазақстан нан бағасы ең төмен 5 елдің қатарында Фото: Azattyq Ruhy

Numbeo мәліметтеріне сәйкес (24 ақпандағы жағдай бойынша), әлем бойынша нанның ең төменгі бағасы Тунисте тіркелген: 500 гр нан үшін 0,14 доллар. Одан кейінгі орындарда Алжир (0,16 доллар) мен Ливия (0,34 доллар) елдері орналасты. Көшбасшылардың бестігінде Қазақстан (0,36 доллар) мен Өзбекстан (0,37 доллар) да бар, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

ТМД-ның басқа елдеріндегі 500 грамдық нан бағасы: Әзербайжан – 0,39 доллар, Молдовада – 0,43 доллар, Украинада – 0,58 доллар, Ресейде – 0,61 доллар, Беларуссияда – 0,64 доллар, Арменияда – 0,65 доллар.

Ең жоғары баға АҚШ (3,27 АҚШ доллар), Швейцария (3,21 доллар) және Исландияда (2,93 доллар) тіркелген.

Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша елімізде нан бағасы бір жылда 19,2%-ға қымбаттады.

Жылдық динамикада нан бағасының өсуін Ұлытау облысының тұрғындары қатты сезінді: 50,8%-ға. Антилидерлердің үштігіне Ақмола және Маңғыстау облыстары да енді. Атырау облысында нан бағасы ең аз қымбаттаған (+9,9%).

2022 жылдың қаңтар айында елімізде 42,5 мың тонна нан өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артық.

Өндірістің ең үлкен көлемі Түркістан облысына тиесілі: жылына 10,2 мың тонна. Одан кейінгі орында Алматы (4,5 мың тонна) және Ақтөбе облысы (4,4 мың тонна) орналасты. Ұлытау облысында ең аз нан өндірілді (401 тонна).

Қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда 518,6 мың тонна нан өндірілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу