Қазақстан нанмен толық қамтылады

338

Алайда түсімділіктің төмендеуіне байланысты экспорттық әлеует төмендейді.

Қазақстан нанмен толық қамтылады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астық бойынша күтілетін көлем елді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті болады. Бұл жерде маусым басталғанда өткен жылғы түсімнен қалған үлкен көлемдегі өтпелі астықтың болғанын естеріңізге салғым келеді. Оның сапалы сипаттамалары жоғары болған. Түсімділіктің төмендеуіне байланысты экспорттық әлеует те әрине төмендейді. Бірақ біз экспортқа бағыттауды жоспарлап отырған астық көлемі дәстүрлі экспорттық нарықтардағы позицияларымызды ұстап тұру үшін де жеткілікті болады", - деді вице-министр Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында.

Оның сөзінше, ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі бидай бойынша ғана емес, күнбағыс, картоп, көкөніс, күріш және басқа да әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу