Елімізде Қытай автомобильдерінің сатылымы күрт артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан автокөлік Одағының" есебінше, 2025 жылдың қазаан айында Қазақстан аумағындағы ресми дилерлер 20205 бірлік жаңа жеңіл және комменциялық автомобиль сатқан.
Бұл – былтырғы қазан айына қарағанда 6% төмен көрсеткіш. Жалпы, 10 айда 181789 бірлік авто саудаланған.
Қазан айындағы ТОП-5 брендтің қатарына қытайлық Changan (4-орын) және Jetour (5-орын) кірді. Ал үздік ондыққа 3 қытайлық модель еніп отыр.
Сонымен, 5 үздік бренд:
1. Hyundai (4264);
2. Chevrolet (2802);
3. Kia (1901);
4. Changan (1463);
5. Jetour (1283).
Үздік 10 модель мынадай. Айта кетейік, төмендегі статистика қыркүйек айымен салыстырмалы түрде берілген.
- Chevrolet Cobalt (1889)
- Hyundai Tucson (1726)
- Kia Sportage (876)
- Chevrolet Onix (838+)
- Changan CS55 Plus (774+)
- Hyundai Elantra (678-)
- Hyundai Mufasa (636-)
- Toyota Camry (573-)
- Hyundai Santa Fe (510-)
- Haval M6 (441+)