Қазақстан нарығында атақты брендтерді жамылған ресейлік тауар көп

1225

Қазақстан нарығында атақты брендтерді жамылған ресейлік тауар көп

Бүгінде нарықтық экономика заңдары ескірді. Әлемде когнитивті экономикаға негізі басымдық беріледі. Ондайда адамның психологиясына әсер ету арқылы тауар мен қызметтер сатылады. Экспорттық саясатта дәл осы когнитивті экономикаға басымдық берген жөн, деп жазады ҚазАқпарат.  

"Қазақстанның мемлекеттік-жекешелік серіктестік орталығы" АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаровтың айтуынша, қазіргі кезде ресейлік кәсіпкерлер когнитивті экономика негіздерін әбден меңгеріп алған. Олар шетелдік брендтердің тұтынушының қалауына қатты әсер ететінін жақсы біледі. Сондықтан өз тауарларын дәл сол брендтердің атымен сатып жатыр. "Мәселен, Faberlic, Borg Elenberg, Pozalini, Carnaby және тағы көптеген брендтер шетелдік тауарлар болып көрінсе де, барлығы таза - ресейлік тауарлар. Көрші елдің кәсіпкерлері тұтынушының немістің сапасына сенетінін жақсы біледі. Сол себепті техниканы Borg пен Elenberg-тің маркасымен сатады. Киім жағынан итальяндықтардың да оқ бойы озық келе жатқаны белгілі. Сондықтан Pozalini-дің бренді өтімді екенін әбден біліп алған. Енді, бұрын Еуропаның әрбір мемлекеті өз брендін қалыптастыруға тырысты. Сол арқылы өзіне имидж жасап алды. Енді, ресейлік кәсіпкерлер соның барлығын өз пайдасына іске асыруды меңгеріп алды", - деді Ойнаров бүгін экспортты дамытуға арналған жиында. 

Оның айтуынша, аталған брендтерді құрған кезде өндіріс ошақтарының барлығы Қытайда болған. Қазір бәрін Ресейге көшіріп алды.

"Біз өзіміздің сауда орталықтарымызды аралап шықтық. Сонда барлығына ресейлік брендтердің кіріп алғанын байқадық. Sela - ресейлік бренд, INCITY - ресейлік бренд, Kanzler - ресейлік брендер. Ондай бутиктер көп. Қазақстан да өз тауарларын экспортқа шығарғанда когнитивті экономиканы жан-жақты қолдануы қажет",- деп атап көрсетті орталық басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу