Қазақстан нарығында доллар 3 теңгеге арзандады

466

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 449,86 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан нарығында доллар 3 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 449,86 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 сәуірдегі бір долларға арналған ресми бағамы - 452,97 теңге.

Kurs.kz дерегеніше, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,05 теңгеден сатып алынып, 453,08 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 449,44 теңге, сату – 453,07 теңге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу