Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев журналистердің "авиация саласындағы монополия жойылған кезде Қазақстанда "Эйр Астанадан" басқа ірі авиакомпания бола ма?" деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жалпы, монополия деген дұрыс емес. Барлық ішкі рейстердің 70 пайызын "Эйр Астана" және "Флай Арыстан" авиакомпаниялары орындайтынын түсінемін, бірақ бізде ашық аспан режимі бар. Яғни, біздің аумаққа кез келген авиатасымалдаушы келіп жұмыс істей алады. Ешқандай шектеу жоқ", – деп жауап берді министр.
Бұл ретте, әрине, жүк тасымалына қатысты жұмыс басталып кетті, деп қосты министр.
"Біз жұмыстар жүргізіп жатырмыз, соның ішінде Қазақстанға тек отандық емес, сонымен қатар Қазақстан ішінде ұшатын шетелдік авиакомпанияларды да тарту бар. Мәселені талқылап жатырмыз. Ең маңызды мәселе – авиакеросиннің шектелі болуы. Жалпы, тасымалдауды жүзеге асыру үшін шамамен 1,3 млн қажет. Біздің мұнай өңдеу зауыттарының мүмкіндігі 700 мыңнан 1 млн-ға дейін. Оның көлемін көбейтуге болады, жалпы әуе компанияларын тартуға болады. Басты мәселе – оларды авиакеросинмен қамтамасыз ету", – деп жалғастырды министр.
Министр тағы бір ірі авиакомпанияны тарту бойынша да ақпарат берді.
"Қазір біз басқа компанияларды тарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деп түйіндеді Қарабаев.