Қазақстан нарығында жаңа брендтер пайда болады

1623

Қазақстан нарығында жаңа брендтер пайда болады

Поляк ретейлері LPP Алматыда Reserved, Cropp, House, Mohito және Sinsay брендтерінің дүкенін ашады, деп хабарлайды LS.

Белгілі брендтер дүкенінің ашылуы осы жылдың қыркүйек айында Mall Aport-та болады деп күтілуде.

"LPP өкілдерімен біз 2007 жылы Францияның Канн қаласында өткен MAPIC-те кездестік. Кездесу мен дүкеннің ашылуы арасында 11 жыл өтті. Флагмандық Reserved дүкеніне берілетін аумақ - 2 мың шаршы метр, ал Cropp, House, Mohito и Sinsay сынды жастарға арналған дүкендер көлемі 400-ден 650 шаршы метрге жетеді", - дейді Mall Aport директоры Дмитрий Ревин.

Бұндай ірі жалға алушылармен жұмыс істеудің ең қиын тұсы - оларға Қазақстанның дамыған ел екеніне көз жеткізу, мұнда франчайзинг арқылы ғана емес, тікелей де сауда жасауға болатынына сендіру. Сондай-ақ Алматы секілді халқы 2 млн-нан асатын мегаполис нарығына кіруге үгіттеу, себебі дәл осы LPP Қазақстанмен қатар тұрғындар саны екі есе болатын елдерді де қарастырып жатыр.

Оның сөзінше, тікелей келген брендтер бағасы франчайзинг арқылы ұсынатын дүкендерге қарағанда төмен болады.  

Айта кетсек, LPP-ның Таяу Шығыстың 20 елінде 1,7 мың дүкені бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу