Қазақстан NASA-мен ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

330

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан NASA-мен ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді Фото: gov.kz

Әсіресе ғарыш ғылымы, астрофизика, спутниктік технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді.

Сондай-ақ кездесуде екі елдің ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту, жоғары білікті мамандар даярлау бағдарламаларын іске асыру және ғарыш саласындағы коммерциялық серіктестікті дамыту мүмкіндіктері сөз болды.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, NASA-мен серіктестік Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін дамытуда стратегиялық маңызға ие.

"Қазақстан NASA-мен ұзақ мерзімді әрі нақты нәтижеге бағытталған ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Бұл бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды, инновациялық технологияларды енгізуді және жаңа буын мамандарын даярлауды қамтиды", – деді ол.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдіріп, салалық командаларға бірлескен жұмыстың практикалық жоспарын әзірлеуді тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу