Қазақстан наурыз айының соңында бензин экспортын бастауы мүмкін

875

Биылғы жылы бізде 500 тоннадан 650 тоннаға дейін бензин артылады.

Қазақстан  наурыз айының соңында бензин экспортын  бастауы мүмкін

Қазақстан биылғы жылдың наурыз айының соңында бензин экспортын  бастауы мүмкін, деп мәлім етті энергетика министрі Қанат Бозымбаев, деп хабарлайды  Интерфакс-Қазақстан.

"Биылғы жылдың алғашқы тоқсанының соңында бензин экспортын бастауды жоспарлап отырмыз, содан кейін бір жылға қойған көлемді өңдеуді бастаймыз", - деді Қ.Бозымбаев бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысында. 

"Биылғы жылы бізде 500 тоннадан 650 тоннаға дейін бензин артылады. Бұл артылу қазірдің өзінде байқалып отыр. Осыған байланысты  қаңтар және ақпан айларында МӨЗ-дердегі өңдеу көлемін біршама төмендеттік", -  деді министр. 
Бұған дейін хабарланғандай, былтырғы жылы энергетика министрі  елдегі үш МӨЗ -ді жаңғырту аяқталғаннан кейін нарықта тауарбастылық болмас үшін бензин экспортын бастау ойы бар екенін айтқан болатын.
Қазан айында Қазақстан мен Ресей отын-энергетика кешенінде өзараәрекет ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Өзгерту қазақстан бензинін ТМД елдеріне жеткізуге тыйым салуды алып тастауға қатысты болды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу